23 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктердің болжамынша, сәрсенбі күні еліміздің көп бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кейбір аймақтарда жауын-шашынсыз болады.
Астана, Алматы, Шымкент: Бұлтты, жаңбыр, найзағай. Ауа температурасы түнде +8...+13°C, күндіз +20...+25°C.
Ақтау, Қарағанды, Қонаев, Орал: Жаңбыр, найзағай, орташа жел. Күндіз +20...+26°C.
Атырау, Қызылорда, Түркістан: Жауын-шашынсыз. Күндіз +28...+32°C.
Ақтөбе, Қостанай, Жезқазған, Көкшетау, Павлодар, Семей: Бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз +23...+26°C.
Петропавл: Жаңбырлы. Күндіз +12...+14°C.
Талдықорған, Тараз: Жаңбыр, найзағай. Күндіз +20...+23°C.
Өскемен: Күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз +18...+20°C.
Фото: Нұрболат Нұржаубай