Өрт қаупін болдырмау мақсатында оқу-жаттығу өтті

Оқу-жаттығудың басты мақсаты – өрт қауіпі арта түсетін жазғы маусымда дала алқаптарында орын алатын өрттерінің алдын алу және оларды сөндіру кезінде қызметкерлердің дайындық деңгейін арттыру мен бірлескен іс-қимылдарды пысықтау болып табылады.
Жұмылдырылған қызметтердің жеке құрамы мен құрал-жабдықтарына қарау жұмыстарынан кейін, практикалық іс-қимылдарға ұласып, оқу-жаттығу желісі бойынша орман шаруашылығы мекемесінің аумағында орын алған ықтималды өрт оқиғасы уақытылы ауыздықталды.
Оқу-жаттығуға барлығы 15 техника, 83 қызметкер жұмылдырылды.




"Толқын" ақпарат