Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қыс-2022» РКШ оқу-жаттығуы Қызылорда өңірінде өткізілді

«Қыс-2022» РКШ оқу-жаттығуы Қызылорда өңірінде өткізілді

Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын 2022 жылғы 24 қарашада қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға даярлау мақсатында «Қыс-2022» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының облыстық кезеңі Қазалы ауданында өткізілді.
Оқу-жаттығу барысында жергілікті уақытпен 9:00 –де «Дабыл-1001» сигналы түсті. Оқу-жаттығуды бақылау мақсатында Әйтеке би кентінде орналасқан «ҚазАвтоЖол» мекемесінің ауласында Қазалы ауданы бойынша азаматтық қорғау қызметтерінің және шұғыл әрекет ету жасақтарының күш-құралдарының әзірлігін Қазалы аудан әкімінің міндетін атқарушы Күнтілес Айдарбекұлы қарады. Осы оқу-жаттығуға 176 жеке құрам 74 бірлік техника қатыстырылды. Сонымен қатар аталған саптық қарауға азаматтық қорғаудың облыстық қызметтерінің өкілдері қатысты.
Оқу-жаттығу шарты бойынша: Бірінші шартты жағдайға сәйкес облыстық автожолда автокөліктердің соқтығысуы әсерінен авария жағдайы орын алып, Өрт сөндіру қызметі, медициналық қызметі және қоғамдық тәртіпсіздікті сақтау қызметі жұмылдырылып толығымен жойылды.
Екінші шартты жағдайға сәйкес Жолаушылар поездінің алдыңғы бөлігінен өрт оқиғасы туындап поезд ішінде 20 жолаушының қалып қойғаны анықталғаны.
Үшінші шартты жағдайға сәйкес республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында қардың көп түсу салдарынан автокөлік кептелісі орыналған. Аталған қар құрсауында қалып қойған жолаушыларды эвакуациялау және ыстық тағаммен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді.
«Қыс-2022» РҚШОЖ басшылығының штабымен байланыс және телефон желілері жылжымалы басқару пунктінен Төтенше жағдайлар министрлігімен бейнеконференция байланысы ұйымдастырылды.
Жалпы облыс бойынша оқу-жаттығуға барлығы 1184 жеке құрам адамы және 351 бірлік техника қатыстырылды.
Оқу-жаттығу аяқталған соң «Қыс-2022» РҚШОЖ басшылығының штабымен қортытынды жиын өткізілді.
Іс-шара кезінде бұқақаралық ақпарат құралдары арқылы Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Назымбеков Күнтілес Айдарбекұлы, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары подполковник Әбдіқадыров Бекболат Қайырбекұлы және Қазалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Қалиев Алтынбек Сауытбекұлы «Қыс-2022» РҚШОЖ оқу-жаттығуының өткізілу туралы БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.

Қызылорда облысы ТЖД
25 қараша 2022 ж. 261 0