Хабарландыру

Оқу-жаттығуа дайындық және өткізу барысында: көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайлардың (бұдан әрі–ТЖ) қатері және туындаған кездегі міндеттерді мақсаты бойынша орындауға АҚМЖ және халықтың әзірлігі мен қабілет деңгейін арттыру;
көктемгі кезеңдегі ТЖ-ға ден қоюға АҚМЖ қабылданатын шаралар мен деңгейінің тиімділігін арттыру;
ТЖ-дың алдын алу және оларды жою кезінде жергілікті атқарушы органдарға бағынысты Азаматтық қорғау күштері мен құралдарын басқару бойынша іс-қимылдар және өзара іс-қимылдар үйлесімділігін жетілдіру;
Құлақтандыру және байланыс жүйелерінің әзірлігін тексеру, азаматтық қорғаудың барлық деңгейлерінде жедел кезекшілікті, болжау жұмысы мен диспетчерлік қызметті, мониторинг жүргізуді ұйымдастыру, материалдық-техникалық қор, азық-түлік пен медициналық резервтер құру;
Су тасқыны жағдайының өршуін болжауды ескере отырып, аумақтардың қауіпсіздік паспорттарын, ТЖ жою бойынша іс-қимыл жоспарларын, қала және аудан буынындағы эвакуациялау іс-шараларын және өзара әрекеттесуін айқындауды және түзетуді жүргізу;
ТЖ-дың алдын алу және оларды жою жөніндегі, су тасқынына қарсы және эвакуациялау комиссияларының, азаматтық қорғау қызметтері мен құрылымдары жедел штабтарының жұмысын ұйымдастыру;
Су тасқыны, су басуы және су жайылуы жағдайындағы іс-қимыл бойынша түсіндіру жұмыстарын халықты оқытуды ұйымдастыру:
мақсаты бойынша міндеттерді орындауға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерін әзірлік деңгейіне келтіру;
көктемгі кезеңдегі ТЖ ден қоюға азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының әзірлігін тексеру.
Осыған орай, оқу – жаттығуға қатысатын аудандық азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтері мен меншік нысанына қарамастан барлық мекемелердің (ұйымдардың) азаматтық қорғаныс жасақтары толық дайындыққа келтірілсін.
Аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясы