Байқоңырда "Протон" оқу-жаттығуы өтті
"Байқоңыр" ғарыш айлағынан ұшыру кезінде зымыран-тасығыштар апатына байланысты туындаған төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға арналған "Протон" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтті деп хабарлайды baq.kz.
ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқу-жаттығуларға 8 өңір қатысты. Өйткені зымыран-тасығыштар Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Нұр-Сұлтан қаласы үстінен өтеді.
Оқу-жаттығуды үйлестіру және басқару штабы Қызылорда қаласында Қызылорда облысы ТЖД ахуалдық орталығында орналасқан. Оқу-жаттығу барысында басқару органдарының, АҚМЖ аумақтық және салалық кіші жүйелерінің күштері мен құралдарының зымыран-тасығыштардың апатына байланысты ТЖ жою жөніндегі міндеттерді орындауға дайындық және өзара іс-қимыл деңгейі анықталды.

Зардап шеккен халықты эвакуациялау бойынша іс-әрекеттер, сондай-ақ гептилді детоксикациялау, бүлінген жер учаскелерін қалпына келтіру және зымыран-тасығыш апаты ауданында ауыл шаруашылығы және үй жануарларын диспансерлеу бойынша жұмыстар пысықталды.