Ауданда "Көктем-2022" командалық штабтық оқу-жаттығуы өткізілді
Кеше «Көктем-2022» республикалық командалық - штабтық оқу - жаттығуы өткізілді. Оқу - жаттығу барысында аудандағы барлық азаматтық қорғау қызметтерінің әзірлігі пысықталды.
Аудан әкімінің орынбасары Қ. Әбсұлтанов көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайлардың қатері және туындаған кездегі міндеттерді мақсаты бойынша орындауға және халықтың әзірлігі мен қабілет деңгейін арттыру мақсатында азаматтық қорғау қызметтеріне саптық қарау жұмыстарын жүргізді.
Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою кезінде жергілікті атқарушы органдарға бағынысты Азаматтық қорғау күштері мен құралдарын басқару бойынша іс-қимылдар және өзара іс-қимылдар үйлесімділігін жетілдіру қажеттігін айтып, әрбір құрылым өздеріне тиісті жұмыстарды шұғыл үйлестіруге дайын болу қажеттігін айтты.