Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Өрт – тілсіз жау

Өрт – тілсіз жау

Қазіргі таңда Барсакелмес қорығы 3 кластерлік учаскеден тұрады, жалпы аумағы 163 126 га құрайды. Қорықтың флорасы 325 түр жоғарғы өсімдіктерден, оның ішінде 16 эндемик және 5 түр Қазақстанның Қызыл кітабына енген түрлерден тұрады.  Қорық аумағында сексеуіл ормандары бар. Орманды өңірлердің ауданы 56 мың га.
Қорық аумағындағы сексеуіл ормандарының өрт қауіптілігі І және  ІV кластарға жатқызылған. Осы орайда, жыл сайын қорық дирекциясы, Арал ауданының әкімшілігі,  Арал аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, Арал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесімен бірлескен Арал ауданында шалғай орналасқан елді мекендердегі дала, ірі созылмалы өрттердің алдын алу және өшірудің бірлескен іс-шара жоспарлары жасалынады.
Қорық аймағында өрт қауіпті маусымға дайындық жұмыстары ұйымдастырылып, жанар-жағармай қорларымен қамтамасыз етіліп, өртке қарсы техникаларды, құрал-жабдықтарды дайындау, өрт қауіпсіздігі маусымда өртті болғызбау жөнінде баспасөз беттерінде арнайы мақалалар  жарияланып, табиғатты қорғау тақырыптарында аншлагтар дайындалды. Қорық аумағындағы жақын орналасқан елді-мекен, ауылдық округтер тұрғындары және «Әулие Төбе», «Ж.Аймаханов» шаруа қожалықтары қызметкерлеріне 300 дана өрт қауіпсіздігі туралы түсініктеме, үнпарақтар таратылды.
Барсакелмес қорығында мекеме қызметкерлерінен құралған 2 өрт сөндіру топтары жасақталған.  Арнайы бекет құрылып, тәулікті кезекшілік ұйымдастырылды. Бекеттегі кезекші қызметкерлерде автокөлік, телефон және рация байланыс құралдары қолданыста. Мекеме 1 өрт сөндіру машинасы, 1 су тасуға арналған көлік, 1 жүк көлігі, 2 УАЗ көлігі, барлығы 5 автокөліктермен қамтамасыз етілген.
2023 жылдың өрт қауіпті маусымында орман және дала өрттерін алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Барсакелмес мемлекеттік табиғи  қорығы, Арал  ауданы№3 өрт сөндіру  бөлімі және Арал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналды мемлекеттік мекемелерінің қатысуымен дала өрттерін сөндіру мақсатында бірлескен өрт - тактикалық жаттығулары бірнеше мәрте өткізілді. Өрт тактикалық жаттығуға мекемелердің тиісті техникалары, құрал саймандары және мекемеде құрылған  ерікті өрт жасақшылар тобы  қатысты. Өрт болған жағдайда қалай сөндіруге болатынын, оның алдын алу  мақсатында жасақшылар толықтай мағұлматтар алып, тактикалық іс-қимыл әрекеттерін үйреніп, біраз тәжірибе алды.
2023 жылы Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының аумағында дала және орман өрттерінің орын алу фактілері тіркелген жоқ. Өрт қауіпсіздігі ережелерін  сақтау - Сіздің және қоғамның берекесі мен тыныштығының кепілі.
Р. Алдамжаров
мемлекеттік инспектор
Барсакелмес МТҚ
05 қыркүйек 2023 ж. 117 0