Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Барсакелмес» қорығы «Үздік қорық» атанды

«Барсакелмес» қорығы «Үздік қорық» атанды

Еліміздің бас қаласы  – Нұр-Сұлтанда ең алғаш рет Қазақстанның табиғат қорғаушыларына арналған «Елім-ай» сыйлығы табысталған болатын. Бұл сыйлық еліміздің үздік инспекторы, орманшы мен табиғат қорғаушыларына, орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі саласында табысты еңбек еткен жандарға табысталды.Сыйлық 16 аталым бойынша ұсынылды. Соның ішінде «Ең үздік қорық» номинациясымен аудандағы «Барсакалмес мемлекеттік табиғи қорығы» РММ марапатталды. Арнайы жүлдені мекеме директоры Зәуреш Әлімбетоваға Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев табыстады.
Айта кету керек, аталған қорық – еліміз бойынша сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер дүниесі шоғырланған, көлемі жөнінен ең үлкен қорықтардың бірі. Бүгінгі марапат қорық қызметкерлерінің табанды еңбегінің жемісі екендігін көрсетеді.
(Өз тілшімізден)
07 қараша 2020 ж. 1 305 0