Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Маусымнан бастап тағы бір бағыт бойынша әйелдер вагоны қосылады

Маусымнан бастап тағы бір бағыт бойынша әйелдер вагоны қосылады

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 1 маусымнан бастап №614/613 Орал-Маңғыстау бағытындағы пойыз құрамына әйелдер вагонын қосады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Осылайша олардың жалпы саны 12-ге жетеді. Қазір әйелдер вагондары мына бағыттарда жүреді:

№77/78 Алматы-Маңғыстау;
№351/352 Алматы-Маңғыстау;
№45/46 Павлодар-Түркістан;
№37/38 Маңғыстау-Семей;
№47/48 Атырау-Астана;
№33/34 Ақтөбе-Алматы;
№4/3 Астана-Алматы;
№71/72 Астана-Шымкент;
№354/353 Астана-Семей;
№24/23 Ақтөбе-Алматы;
№25/26 Алматы-Шымкент;
№614/613 Орал-Маңғыстау.
Әйелдер вагонында билеттер тек әйел жолаушыларға сатылады, ал қызмет көрсету міндетін арнайы дайындықтан өткен әйел жолсеріктер орындайды. Сонымен қатар, бұл вагонда жеті жасқа дейінгі ұл балалардың бірге жүруіне рұқсат берілген.

Әйелдер вагонына билеттерді вокзалдағы кассалардан сатып алуға болады. Бұл кезде касса қызметкеріне әйелдер вагонынан орын таңдағыңыз келетінін алдын ала айту қажет. Сондай-ақ, билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан онлайн сатып алуға мүмкіндік бар. Онлайн рәсімдеу кезінде билеттің әйелдер вагонына тиесілі екенін білдіретін «ӘВ» (әйелдер вагоны) белгісіне назар аудару керек.

syrboyi.kz
Фото: ҚТЖ баспасөз қызметі
28 сәуір 2025 ж. 95 0