Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауа райының қолайсыздығына байланысты 21 пойыз кешігеді - ҚТЖ

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 21 пойыз кешігеді - ҚТЖ

Биыл 15 желтоқсанда Жамбыл облысы Қордай және Шу аудандарының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл аудандарда қатты жел соғып, аяз түскен. Осыған байланысты ҚТЖ станцияға келетін мына пойыздар кешігетінін хабарлады:

№ 9 Алматы-Нұр-Сұлтан-1 11.00 сағатқа;
№ 72 Шымкент-Нұр-Сұлтан 06.00 сағатқа;
№ 3 Алматы-Нұр-Сұлтан 10 сағат 30 минутқа;
№ 27 Алматы-Орал 9 сағатқа;
№ 86 Шымкент-Нұр-Сұлтан-1 06.00 сағатқа;
№ 1 Алматы-Ташкент 14 сағат 40 минутқа;
№ 11 Алматы-Шымкент 8 сағат 30 минутқа;
№ 22 Қызылорда-Семей 08.00 сағатқа;
№ 21 Семей-Қызылорда 08 сағат 20 минутқа;
№ 43 Алматы-Қостанай 08.00 сағатқа;
№ 77 Алматы-Маңғыстау 02 сағат 30 минутқа;
№ 29 Алматы-Атырау 07 сағат 20 минутқа;
№ 7 Алматы-Саратов 04 сағат 30 минутқа;
№ 45 Павлодар-Түркістан 03 сағат 40 минутқа;
№ 75 Петропавл-Қызылорда 03 сағат 20 минутқа.
№ 33 Алматы-Ақтөбе 06 сағат 30 минутқа;
№ 506 Жезқазған-Алматы 5 сағат 13 минутқа;
№ 509 Алматы-Орал 06 сағат 37 минутқа;
№ 511 Алматы-Атырау 02.00 сағатқа;
№ 52 Орал-Алматы 12 сағат 36 минутқа;
№ 42 Атырау-Алматы 10 сағат 49 минутқа.
Биыл 15 желтоқсанда № 51/52 Алматы 2-Орал және № 41/42 Алматы 2-Атырау бағыты бойынша жолға шығатын пойыздардың кестесі де өзгерген.

"Тальго № 41/42 Алматы 2 -Атырау және кері бағытта пойыз билеттерін сатып алған жолаушылар № 511/512 Алматы 2-Атырау стандартты пойызымен, ал № 51/52 Алматы 2-Орал бағыты бойынша және кері бағытта Тальго пойызына билеттерді сатып алған жолаушылар № 509/510 Алматы 2-Орал стандартты пойызымен жүреді", - деп жазылған ұлттық компания таратқан хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін "Қазақстан темір жолы" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев пойыздар кешігіп келетінін, вагондар тозғанын білетінін айтқан еді.
Аяз Есен

Фото: jambylinfo.kz




15 желтоқсан 2023 ж. 190 0