Адам асқазан мен өтсіз өмір сүре ала ма?

Айтуынша, адам өтсіз де, асқазансыз да өмір сүреді.
Иә, адам өтсіз де, асқазансыз да өмір сүруі мүмкін. Орта есеппен қанша уақыт екенін айта алмаймын. Өтсіз науқас толыққанды өмір сүре алады. Тек қана диетасын сақтап, тиімді тамақтанып, өзінің арнайы режимі бар, соны сақтап жүрсе, өмір сүре береді, - дейді Мәжит Әбдіқадыров.
Алайда дәрігер асқазансыз оңай еместігін айтты.
Бірақ асқазансыз сәл қиындау. Өйткені асқазан – ол үлкен әрі басты ағза. Маңызы көбірек деп айтса болады. Асқазанның адам үшін рөлі үлкен. Науқас тамақты ферментацияланған, қорытуға дайын тамақтарды жеуі керек. Өйткені асқазаны жоқ кісілер ас сіңіру қиын болғандықтан көп салмақ тастауы мүмкін. Оның себебі – тамақтың толыққанды асқазанда өңделмей, ішекке түскен кезде толық өңделмеген тағам ағзаға сіңбейді. Сол үшін медициналық көрсетілімдер бойынша асқазаны алынып тасталған адамдар тамақты сіңуге дайын қылып ішеді, - деп түсіндірді дәрігер.
Фото: Н. Нұржаубай