«КИБЕРВОЛОНТЕР» қадағалау-профилактикалық іс-шарасы өтті

Осы ретте Қызылорда облысы прокурорының 2025 жылғы 22 сәуірдегі өкіміне сәйкес, Қызылорда облысының аумағында “КИБЕРВОЛОНТЕР” атты қадағалау-профилактикалық іс-шарасы бастау алды.
Арал ауданы бойынша аталған шара аясында бірқатар кешенді жұмыстар жүргізілуде. Аудан прокуратурасының бастамасымен құрылған арнайы жұмыс тобы түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізіп, азаматтарға алаяқтық пен есірткі жарнамасынан сақтану жолдарын насихаттауда. QR-код арқылы қолжетімді чат-бот іске қосылып, тұрғындардың күмәнді интернет дереккөздері туралы жедел хабарлауына мүмкіндік жасалды.
Ең бастысы – бұл бағыттағы шаралар бір реттік емес, тұрақты және жүйелі сипатта жүзеге асырылуда. Арал ауданы прокуратурасы интернет кеңістігіндегі құқықбұзушылықтарды болдырмау және оларға уақытылы әрекет ету мақсатында бұл жұмысты үздіксіз бақылауда ұстап отыр.
Жастардың санасын улайтын зиянды ақпарат пен заңсыз контентке қарсы күрес – бүгінгі қоғам үшін аса маңызды. Сондықтан әрбір азаматтың сергек болуы, күмәнді дереккөздерге бей-жай қарамауы және осындай деректерді құқық қорғау органдарына уақытылы жеткізуі – ортақ қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды қадам.


