Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Үнемі отырып жұмыс істеудің қандай қаупі бар?

Үнемі отырып жұмыс істеудің қандай қаупі бар?

Қозғалыссыз өмір салтын ұстанатын адамдар басқаларға қарағанда тромбозға бейім болады. Хирург Александр Умнов NEWS.ru-ға берген сұхбатында үнемі отырып жұмыс істеудің күтпеген қаупі барын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, тромбоз кез келген адамда болуы мүмкін. Бірақ жатып немесе отырып көп уақытын өткізетіндер үшін қауіп жоғары. Әсіресе, кеңсе қызметкерлері, көлік жүргізушілері, ауырып жатқан адамдар, жүкті әйелдер. Сонымен қатар, дәрігер қауіп тобына семіздікке шалдыққан адамдарды да қосты.
Хирург гормондарды алмастыратын терапия қабылдап жүргендер, холестерині жоғары адамдар, көп темекі шегетіндер, қатерлі ісік ауруымен ауыратындар және қатерлі ісіктен емделіп жүргендер де бұдан сақ болуы керек екенін жеткізді.

    "Үнемі күйзеліске ұшырайтындар үшін де бұл қауіп бар", - деп түйіндеді Умнов.
Фото: Нұрболат Нұржаубай
25 мамыр 2025 ж. 31 0