Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қуырылған тамақтан да зиян қандай тағам?

Қуырылған тамақтан да зиян қандай тағам?

Ғалымдар қуырылған тағамдардың денсаулыққа зиян екенін дәлелдеген. Тіпті қуырылған тағамды шамадан тыс тұтыну қатерлі ісік ауруына шалдықтыруы мүмкін. Хирург қуырылған тағамдардан да зиянды, соңы қатерлі ісікке әкелетін тағамдар тізімін толықтырды. Бұл туралы "Российская газета" басылымы жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Хирург, андролог, медицина ғылымдарының кандидаты Марк Гадзиянның айтуынша, адам қуырылған тағамнан бас тартса да, майлы және ысталған етті жей берсе, қатерлі ісіктің дамуы жалғаса береді. Яғни қуырылған тағамнан да зиянды ол жануардың майлы және ысталған еті. Еттен мүлдем бас тартудың қажеті жоқ, бірақ оны ағзаға күніне қажетті ақылға қонымды мөлшерде, сондай-ақ көкөніс және жеміспен араластыра жеу керек. 

Сонымен қатар, қатерлі ісіктің дамуына отырықшы өмір салты да түрткі болуы мүмкін.

"Отырықшы өмір салты немесе жұмыс қатерлі ісіктің дамуына үлкен әсер етеді. Бұл жағдайда жамбас қан айналымы тоқырап, жасушалар оттегінің ашығуын сезінеді", - деді маман.

Нәтижесінде жасушалар "өзгеріп, жаңа функция иеленіп, ісіктің өсуінің басталуына түрткі болады", - деп атап өтті дәрігер.

Зиян тағамның тізіміне қуырылған және ысталған ет қана емес, тағы күшті алкоголь, қантты тағам мен газдалған сусындар кіреді.
25 қыркүйек 2023 ж. 242 0