Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ҒАЛЫМДАР ҚАТЕРЛІ ІСІККЕ ҚАРСЫ ӘМБЕБАП ДӘРІ ТАПТЫ

ҒАЛЫМДАР ҚАТЕРЛІ ІСІККЕ ҚАРСЫ ӘМБЕБАП ДӘРІ ТАПТЫ

Инновация миллиондаған адамның өмірін сақтауы мүмкін. 
Британиялық ғалымдар зертханалық зерттеулер барысында қатерлі ісікке қарсы әмбебап дәрі тапты. Түрлі тағамдарда тағамдық қоспа ретінде пайдаланылатын манноз қанты қатерлі ісіктің өсуін айтарлықтай баяулатады екен. Зерттеу аясында түрлі қатерлі ісікке шалдыққан тышқандарға химиятерапия жүргізілген. Инновациялық құралдың көмегімен оның әсері бірнеше есе артқан. Манноза су арқылы тышқандарға берілген.

Сарапшылар бұл дәрінің қатерлі ісіктің өсуін баяулататынын анықтаған. Манноза қанты зиянды жасушаларға көмірсулардың түсуіне жол бермейді. Манноза қанты қатерлі ісіктің бірінеше түріне ғана оң әсер етеді. Ғалымдар енді бұны онкологияның кез келген типіне қолданып көрмек.
 /reactor.inform.kz
18 желтоқсан 2018 ж. 1 135 0