Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғалымдар қатерлі ісік жасушаларын жоятын қантты анықтады

Ғалымдар қатерлі ісік жасушаларын жоятын қантты анықтады

Ұлыбританиялық ғалымдар онкологиялық аурулармен күреске арналған әмбебап құралды тапты. Мұндай дәрі манноза аталатын қантты алмастырғыштардың бірі болып шықты.Бұл туралы Nature журналына сілтеме жасап Stan.kzхабарлайды.
Манноза семіздіктің алдын алып қана қоймай, қатерлі ісіктің өсуін баяулатып, химиотерапияның тиімділігін арттырады.
«Қатерлі ісік жасушалары глюкозаны көптеп тұтынады, өз кезегінде мұны қатерлі ісікті жою үшін қолдануға болады. Біз қатерлі ісік денелері маннозаны «қорыта алмайтынын» анықтадық. Бұл оның өсуін баяулатады және сау жасушаларға әсер етпейді», – дейді зерттеушілердің бірі.
Сонымен қатар ғалымдар аталған қант алмастырғыштың пайдасы бар болса да, онкологиялық дертке шалдыққан адамдарға оны өздігінен қабылдауға болмайтынын айтты. Қанттың адам организміне әсерін анықтау үшін, бір жылдық клиникалық зерттеу аздық етеді.
Stan.kz
22 қараша 2018 ж. 1 382 0