Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Балықшылар аллеясына тазалық жұмыстары жүргізілді

Балықшылар аллеясына тазалық жұмыстары жүргізілді

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» акциясы аясында өңірімізде, оның ішінде ауданымыздың барлық аумағында тазалық жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Игі істен шет қалмай, партиялықтар да бұл жұмыстарға белсенді атсалысуда.
Бүгін «Таза бейсенбі» партиялық жобасы аясында Арал қаласының «Балықшылар аллеясы» аумағында аудандық мәслихаттағы фракция мүшелері, партияның аудандық филиалының қызметкерлері, бастауыш партия ұйымдарының белсенді мүшелері және жастардың қатысуымен кезекті тазалық жұмыстары жүргізілді.
Қоршаған ортаны жақсарту мәселесіне басымдық берген аманаттықтар аталған аумақтағы ретсіз қоқыстарды жинап, белгіленген орынға шығару секілді бірқатар жұмыстарды атқарды.
Айта кету керек, «Балықшылар аллеясы» аудан үшін маңызды тарихи нысан болып табылады.
Себебі Аллеяда Арал теңізінің сол кездегі тіршілігі мен еңбегі ерен балықшы қауымының тарихы бейнеленген.
Сонымен қатар «Балықшылар аллеясында» жаттығу алаңы, балалар спорттық ойын алаңы, субұрқақ, балықшылар мүсіні, балықшылар есімі жазылған тақта орнатылған.
Тарих төрінде сақталған Арал балықшыларының аштықтан зардап шеккен Еділ аумағының тұрғындарына 14 вагон балық жолдап, миллиондаған халқын құтқару оқиғасын суреттейтін Вагонда осы аллеяда сол кезді еске салатындай көрік беріп тұр.

#AMANAT
05 маусым 2025 ж. 42 0