Аманаттықтар тазалық жұмысын жүргізді

Бүгін «Таза бейсенбі» акциясы және «Tazalike» партиялық жобасы аясында Арал қаласының Вокзал жаныңдағы аллея аумағында аудандық мәслихат депутаттары, партияның аудандық филиалының қызметкерлері, бастауыш партия ұйымдардың белсенді мүшелері мен жастардың қатысуымен кезекті тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Қоршаған ортаны жақсарту мәселесіне басымдық берген аманаттықтар аталған аумақтағы ретсіз қоқыстарды жинап, шығару секілді бірқатар жұмыстарды атқарды.
Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Сондықтан тазалық жұмыстарына баршамыз бірге атсалысайық!

