«Таза бейсенбі» акциясы жалғасуда
«Таза бейсенбі» акциясы аясында өңірімізде, оның ішінде барлық аудандарда көркейту, абаттандыру жалпы тазалық жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Игі істен шет қалмай, аманаттықтар да бұл жұмыстарға белсенді атсалысуда.
Тазалықты сақтау, еліміздің экологиялық жағдайдын жақсарту партияның Сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқандықтан партияның облыстағы барлық құрылымдық бөлімшелері, «Жастар рухы» белсенділері тазалық акцияларына толық қатысуда.
Осы орайда, бүгін партияның «Таза Қазақстан» жобасы аясында Арал аудандық филиалының белсенділері «Самара-Шымкент» тас жолында кезекті тазалық жұмыстарын ұйымдастырды.
Қоршаған ортаны жақсарту мәселесіне басымдық берген аманаттықтар аталған аумақтағы ретсіз қоқыстарды жинап, шығару секілді бірқатар жұмыстарды атқарды.
"Толқын" ақпарат