Тазалық – баршаға ортақ іс
Елімізде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» акциясы қарқынды түрде жүргізілуде.
Қала тазалығы қай кезде болмасын басты мәселелердің бірі. Төңірегімізді таза ұстаумен қатар, көгалдандыру, көркейту мәселесіне ерекше ден қойылған болатын.
Сана тазармай, қала тазармайтыны секілді, әр адам тазалықты өзінен бастар болса, қаламызда тазалық жөнінен мәселе қозғалмас еді.
Кей тұрғындардың аулаға бейберекет шығарған қоқыстары қала көшелерін ластап жататыны анық. Осы орайда ауданымыздың желді ауа райын ескере отырып, тұрмыстық қатты қалдықтарды ашық түрде тастамауы қажет.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында қаламызда автомобиль жолдарының сызықтары қайта сызылды.
Көрікті қаламыздың экологиясы – басты мәселе. Ауа ластанбай, тазалық шарасы сақталған жерде ғана қоршаған ортаға зиян келмесі анық. Сол үшін сіз бен біз болып қала тазалығын басты назарда ұстайық!
Шынболат Құрманалиев,
Жастар ресурстық орталығының статисті