Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоршаған ортаны таза ұстау – ортақ іс

Қоршаған ортаны таза ұстау – ортақ іс

Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Туған жерімізді, туған қаламызды аялау, оны көздің қарашығындай қадірлеу ортақ іс. Дегенмен бұл бағытта қаншама түсіндірме жүргізіліп, қанша үндеулер айтылғанымен туған мекеніміздің тазалығы көңіл көншітпей тұр. Көктемгі екі айлық сантиарлық жұмыстар аясында мемлекеттік мекемелер тарапынан тиісті жұмыстар атқарылды. Аталған жұмыстар жуырда тағы басталып, екі айлық тазалық айлығы басталғанын білеміз. Апта сайын сенбілік шаралары өтуде. Алайда қаланың шет аймақтарына қоқыс тасталып жатқанын жиі көзіміз шалады. Тазаланған жер таза емес, ластамаған жер таза. Осы қанатты сөздің өміршеңдігіне бүгінде әбден көзіміз жетті. Сана тазармай, қала тазармайтыны секілді, әр адам тазалықты өзінен бастар болса, қаламызда тазалық жөнінен мәселе қозғалмас еді.
Ауа ластанбай, тазалық шарасы сақталған жерде ғана қоршаған ортаға зиян келмесі анық. Сол үшін сіз бен біз болып қала тазалығын басты назарда ұстайық! Өскелең ұрпақ бойына тазалық мәселесінің адам өміріндегі маңызы туралы айта жүріп, өз мекеніне зияны тиетін іс жасамауына кепіл болайық.
Құрметті жерлестер! Баршаңызды туған қаламыздың тазалығын сақтауға, сенбілік шараларына біркісідей атсалысуға шақырамын. Ортақ үйіміз, туған жеріміздің тазалығына бірге үн қосайық.
Жаңабай ДӘУІТОВ,
Жылқаман батыр көшесінің көше комитет төрағасы
17 қазан 2023 ж. 716 0