Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Тұрмыстық қалдықтарды белгіленген орынға тастаңыздар!

Тұрмыстық қалдықтарды белгіленген орынға тастаңыздар!

Тазалық – қала мәдениетінің айнасы. Сондықтан тазалық мәселесіне жергілікті жұрт бір атаның балаларындай атсалысуы керек екендігін ескертеміз. Бұл мәселеге «жергілікті биліктің немесе қала тазалығын сақтайтын мекемелердің шаруасы» деп қарамаған жөн. Ол үшін қолға күрек немесе сыпырғы алудың да қажеті жоқ. Тек қоқысты беталды тастамасаңыз болғаны. Тұрғындардан сұралатыны да, талап етілетіні де осы.
Десе де, қала бойынша көшелердің тазалығын сақтауда қала әкімдігі мен «Қуанышбек» ЖШС және «ARDANA-GRUPP» ЖШС-нің қызметкерлері күнделікті тиісті жұмыстар жүргізуде. Ендігісі қала тұрғындарының өз қолдарында. Қолайлы өмір сүруді қамтамасыз ету мен экологиялық ахуал тудыратын жағдайларды болдырмау билікті ғана емес, бұқараны да ойлантуы керек.
Кей тұрғындардың бейберекет шығарған қоқыстары қала көшелерін ластап жататыны анық. Осы орайда ауданымыздың желді ауа райын ескере отырып, тұрмыстық қатты қалдықтарды ашық түрде тастамауы қажет. Қала тұрғындарына қаншама ауызша ескерту және түсіндірме жұмыстары жүргізілгенімен белгіленбеген орынға қоқыстар тасталуда.
Сонымен қатар, Арал қаласы бойынша сор көлдер маңындағы көше тұрғындары тарапынан сор жиегіне қоқыс тастау әлі де тыйылмай отыр. Егер де, ортақ пайдаланылатын орындарға, саябақтарға, аула сырттарына, оның ішінде белгіленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастаған тұлғалар анықталған жағдайда әлеуметтік желі және «Толқын» газеті арқылы халыққа хабарландырылып, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің талаптарына сәйкес хаттамалар толтырылып, айыппұл салынатындығын білдіремін.
Сондықтан, аулаларыңыздағы немесе қоқыс жәшігіндегі (мусорный ящик) жиналған қоқысты «Қуанышбек» ЖШС және «ARDANA-GRUPP» ЖШС мекемелері арқылы белгіленген орынға тастауларыңызды ұсынамын.
Байланыс тел:
1. «Қуанышбек» ЖШС. Тапсырыс қабылдаушысы, кассир Жиенбаева Индира +7 778 609 19 81
2. «ARDANA-GRUPP» ЖШС. Тапсырыс қабылдаушысы, кассир Умирзаков Женисбек +7 7024852065
Е. ТӘЛЕКЕНОВ,
Арал қаласының әкімі 

20 сәуір 2022 ж. 3 176 0