Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » БАЛЫҚШЫЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ: СУДАҒЫ ҚАУІП САЛҒЫРТТЫҚТЫ КЕШІРМЕЙДІ

БАЛЫҚШЫЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ: СУДАҒЫ ҚАУІП САЛҒЫРТТЫҚТЫ КЕШІРМЕЙДІ

Балық аулау – көптеген адамдар үшін табыс көзі және сүйікті хобби. Алайда, су айдындарында жұмыс істеу қауіпсіздік ережелерін сақтауды талап етеді. Балықшылар үшін табиғат жағдайларына, техникалық ақауларға және күтпеген төтенше жағдайларға дайын болу өте маңызды.1.Балық аулау алдындағы дайындық
  • – Ауа райын тексеру. Ауа райы болжамын қарап, қатты жел, дауыл немесе боран күтілсе, суға шықпаған жөн.
  • – Құрал-жабдықтарды тексеру. Қайықтың (егер қолданылса) жағдайын, мотордың жұмысын, құтқару құралдарын және радиобайланысты алдын ала тексеру керек.
– Киім мен жабдықтар. Суға төзімді, жылы киім киіп, өзіңізбен бірге қосымша құрғақ киім алған жөн.
2.Судағы қауіпсіздік ережелері
– Қайыққа шамадан тыс жүк артпау керек.
– Судың ағысын және түбінің ерекшеліктерін ескеру қажет.
– Балық аулау кезінде алкогольдік ішімдік ішпеу.
– Жеке немесе жалғыз балық аулаудан аулақ болып, топтасып жүрген жөн.
Қорыта келгенде балықшылардың қауіпсіздігі – олардың өз жауапкершілігінде. Ауа райын бақылап, қажетті құрал-жабдықтарды дұрыс дайындап, қауіпсіздік ережелерін сақтасаңыз, балық аулау қауіпсіз және көңілді демалысқа айналады.

Қ.ЖҰБАНЫШОВ,
«СДО «Арал» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің қорықшысы
110СМ2
18 маусым 2025 ж. 41 0