Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұқа мұз – жасырын қауіп!

Жұқа мұз – жасырын қауіп!

Әрбір адам мұз үстінде балық аулау, аңға шығу кезінде төтенше жағдайға тап болуы мүмкін.
Қыс мезгілінде табиғат адамға аяушылық жасамайды. Ол жеңілтектік, білімсіздік, ырықсыздарды қатты жазалайды. «Мұзды аймақта» жарақат алу, адам өлімі, мұз астына түсіп кеткенде, далада қалып қою, ауыру т.б. Мұзда қалу жағдайында әр бір адам өзін құтқаруға дайын болуы тиіс, құтқару ережелерін, аман қалу жолдарын, өзін-өзі құтқару амалдарын дұрыс ұйымдастыра білуі қажет.
Мұздың тығыздығы мен қауіпсіздік шаралары бір адам үшін қыс мезгілінде (-50 градус) мұз қалыңдығы 4-5 см, екі адамға 8 см, 5-7 адамға 12-14 см қауіпсіз болады.
Ең қалың мұздың түсі көкшіл (не жасылдау) ауасыз (көпіршіксіз) болып келеді. Екі есе әлсіз - мұз, сүт түсті (қатты қардан соң) жарылмай-ақ сынады. Мұздың үсті мен аяқ астында майда жарықшақтар болмаса жүруге болады.
Егер сіз қыс уақытында балық аулауға барсаңыз, мына талаптарды САҚТАУЫҢЫЗ КЕРЕК:
Бір-біріне жақын көп шұңқырды жалаушамен белгілеп қойыңыз (түнімен қар үйіліп қалмас үшін);
Балық аулаушының өзімен бірг еқұтқару заттары болуы керек (12-15 м жіп);
Жалғыз адам балық аулауға болмайды;
Шұқанақта балық ауламаған жөн.
Ең қауіпті мұз: көктемгі күн жылына бастағанда, жаңбыр жауғаннан кейінгі мұз ақ түске айналады, кейде сары түске енеді.
Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді: күз бен қыста, боран мен қардан кейінгі мұз үстімен жүруге болмайды. Қатты ағысты өзендердің үстіндегі мұзбен жүргенде абай болу қажет.
Мұз үстінде балық аулау қауіпті! Судағы төтенше жағдайлар жылдың кез-келген уақытында болуы мүмкін, бірақ негізгі саны жаз және қыс айларында болады және көбінесе адамдардардың білместігінен, судағы (мұздағы) қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау осы жағдайларға: суға шомылу, табиғат аясында су жағалауы маңында демалу, қайықта, катерларда жүзу, серуендеу, аңшылық және балық аулау кездерінде әкеп соқтырады. Судағы төтенше жағдайларда өзін құтқару құбылысы шұғыл жағдайларда, өмірге деген құштарлық, өзін-өзі құтқарудағы ережелерді білу әрдайым дайындықта болу болып табылады.
Күз-қыс кезеңіндегі статистикалық мәлімет көрсеткендей, төтенше жағдайлар негізінен әуесқой балық аулаушылармен, сонымен қатар судағы қауіпсіздік ережесін дөрекі бұзатын азаматтар арасында жиі кездеседі. Белгіленбеген жерде жұқа мұздан жаяу және көлікпен, ақауы бар жеке құтқару құралдарынсыз жүзу құралдарымен өткелді өту (құтқару кеудешесі, шеңбер және т.б.), дауылды ескертуге қарамастан су айдындарына түнгі уақыттарда және мас күйінде шығушылар болып табылады.
Мұздың үстінен өткенде, мұзда соңғы балық аулаған кезде мына сақтық шараларын орындаңыздар:
Төтенше жағдайларды туғызатын факторлардың бірі – қапталған жұқа мұз. Бір адамды көтеретін мұздың қалындығы -7 см кем болмау керек; сырғанақ жасағанға 12 см және одан жоғары; жаяу мұздың үстінен өтуге 15 см; автокөлікпен өтуге 30 см аз болмау керек.
Мынаны білу керек:
– судың өзенге құйылатын жерлерінде, жылдам ағысты, бұлақтарда, суда қамыс, шөп өскен жерлерде, ағаштардың маңайында мұздың беріктігі азайған;
– егер де ауаның температурасы үш күн 0 градуста тұрса, мұздың беріктігі 25% азайады;
– мұздың беріктігін көз мөлшерімен анықтауға болады: мұздың түсі көгілдір болса – мұз мықты, мұздың түсі ақ болса – беріктігі 2 есе аз, ақшыл не сарғыш болса – мұз сенімсіз.
Егер Сіз мұз астындағы суық суға құлаған жағдайда не істеуіңіз керек:
– абыржымаңыз, қатты қимыл жасамаңыз, деміңізді сақтаңыз;
– қолыңызды екі жаққа жайып, мұздың шетінен ұстануға, денені көлденен ұстауға тырысыңыз;
– көмекке шақырыңыз: «Батып барамын!»;
– кеуденізбен мұздың шетіне сүйеніп, алдымен бір аяғыңызды, содан кейін екінші аяғыңызды қойып мұздың үстіне шығуға тырысыңыз;
– егер де мұз сынбай, үстіне шыға алсаңыз, аунап келген жағыңызға қарай өрмелеңіз, ол жақтағы мұз сіз келген кезде беріктікке тексерілген.
Құрметті Арал ауданының тұрғындары! Осы қағидаларды сақтай отырып қайғылы жағдайлардан аулақ болайық!
Қауіп төнген жағдайда, көмек қажет боп, мүмкіндік болса «101» немесе «112» құтқару қызметі телефон нөміріне хабарласыңыз.
Арал ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі

Фото: massaget.kz
04 қаңтар 2024 ж. 174 0