Жұқа мұз – жасырын қауіп!

Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларының талаптарына сәйкес, жаяу жүргіншілер үшін – мұздың қалыңдығы – 10 см, ал көліктермен (тек қана арнайы өткелдерден өту үшін) 25-30 болғанда ғана рұқсат етіледі. Мұз үстінде болғанда:
– жұқа және бекімеген мұз үстіне шығуға;
– мұздың жекелеген учаскелерінде топпен жиналуға;
– мұздағы жырмаларға, жарықтарға, ойықтарға жақындауға;
– автомобильдермен арнайы жасақталған өткелдерден тыс жерге, яғни су айдындарына шығуға;
– мұз үстіне түнгі уақытта және дұрыс көрінбейтін кезде шығуға рұқсат етілмейді.
Жеке құтқару құралдары болғанда ғана мұз үстінде балық аулауға рұқсат етіледі. Мұз астынан балық аулау кезінде:
– шектелген алаңда екеуден артық шұңқырша оюға;
– мұз үстінде от жағуға рұқсат етілмейді.
Сонымен қатар су айдындарының маңында орналасқан елді мекен тұрғындары өз балаларының мұз үстіне шығып ойнамауына, қауіпсіздік талаптарының сақталуына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қатаң қадағалағаны абзал.
Арал ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі