Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдағы үш күнде жаңбыр жауып, күн суытады

Алдағы үш күнде жаңбыр жауып, күн суытады

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 2025 жылғы 24–26 маусым аралығына арналған ауа-райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағы арқылы белсенді циклондар мен оларға қатысты атмосфералық фронттар жылжып, тұрақсыз ауа райын қалыптастыруда.

Алдағы күндері елімізге тағы бір фронтальді белсенділік толқыны келеді деп күтілуде. Ол жаңбырмен, екпінді желмен және найзағаймен бірге жүреді.

«Қазақстанның басым бөлігінде бұршақпен қатар жүретін қатты жаңбыр жауып, аптап ыстықтың біртіндеп басылуы күтіледі – ауа температурасы +20…+28 °C дейін, солтүстікте +15…+23 °C, оңтүстікте +25…+33 °C дейін төмендейді», – деп хабарлады «Қазгидромет».

Фото: Нұрболат Нұржаубай
23 маусым 2025 ж. 58 0