Қосжар ауылдық округі әкімінің аппаратында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер

Қосжар ауылдық округі әкімінің аппаратының жұмысының ажырамас және басты бөлігі мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады. «Қосжар ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен
1. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;
2. «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскелерін беру»;
3.«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»; мемлекеттік қызметтер көрсетіліп келеді.
Ауылдық округ әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметтерге қол жетімділігін арттыру мақсатында әкім аппаратында өзіне-өзі қызмет көрсету кабинеті жұмыс істейді. Сіз қызметтерді көрсетілген кабинетке келу арқылы электронды түрде ғана емес, қызметтің өзін, алынған орны, құны, қызмет көрсету мерзімі және құжаттардың үлгілері туралы барлық қажетті ақпаратты ала аласыз. Соның ішінде, «Соттылығының болуы/болмауы туралы», «Психоневрологиялық», «Туберкулезге қарсы», «Наркологиялық диспансерлерден», «Жылжымайтын мүлкінің болмауы/болуы туралы», «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама», «Зейнетақы аударымдары туралы анықтама», «Мұрағаттық анықтамалар», «Тұрғын үйді алуға кезекке қою», «Баланы балабақшаға кезекке қою», «Жер учаскесін алуға кезекке тұру» және тағыда басқада анықтамаларды алуға болады.
Өтініштер бойынша: «Некеге тұруға өтініш беру», «Баланың туу туралы куәлігін алуға өтініш беру», «Бала тууға байланысты берілетін бір реттік төлемге өтініш беру», «Бір жасқа дейінгі балаға төленетін жәрдемақыға өтініш беру» жөнінде қызметтер көрсетіледі.
Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру және қолжетімділік мақсатында мемлекеттік мекеме ғимаратында көрнекі ақпараты бар стенд орналастырылған (қағидалар, көрсетілетін қызметтер тізімі). Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпараттар ауылдық округ әкімі аппаратының facebook парақшасында орналастырылған.
«Қосжар ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мекен жайы, Қосжар ауылдық округі, Қосжар ауылы, Қосжар көшесі № 62 А.
«Қосжар ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ