Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер – өмір сапасы

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер – өмір сапасы

Мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімге негізделген мемлекеттік басқарудың «адамға бағдарланған» моделін қалыптастыру үрдісі мемлекеттік міндеттерді қоғам күтетін талап-тілектерге сәйкес жүзеге асыруға қажет негізгі құндылықтар мен қағидаттарды қайта қарауды өзектендірді. Еліміздегі мемлекеттік басқарудың жаңа мәдениеті «Ең алдымен адамдар» қағидатына негізделеді. Мұндағы ба¬сым¬дықтардың бірі – мемлекеттік қызметтің барынша үйлесімді үлгісіне көшу.
Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер – жеке мемлекеттiк функцияларды iске асырудың бiр түрi. Мемлекет алдына қойылған негiзгi мiңдеттердiң бiрi – жоғары сапалы мемлекеттiк қызмет көрсетуге барлық халықтың бiрдей қол жеткiзу заң жүзінде бекітілген.
«Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасына сəйкес халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру мақсатында электронды түрде қызмет көрсету заман талабына сай қарқынды дамуда.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет дегеніміз-көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:
1)көрсетілетін қызметті берушілер арқылы;
2)Мемлекеттік корпорация арқылы;
3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы және жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы көрсетіледі.
Бүгінгі таңда Арал қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтің 6 түрін көрсетеді:
1. «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту» (қағаз жүзінде);
2. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;
3. «Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру»;
4. «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату»;
5. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»;
6. «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу» қызмет түрлері.
Мемлекеттік қызмет жүйесін электронды форматта жетілдіру және оған азаматтардың еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету үкімет алдында тұрған маңызды стратегиялық міндеттің бірі болып табылады. Яғни қазіргі таңда Арал қаласы әкімі аппаратында тек бір ғана қызмет түрі қағаз жүзінде, қалған қызмет түрлері электронды түрде көрсетіліп отыр.
А.Оразалиева,
Арал қаласы әкімі аппаратының бас маманы

09 маусым 2024 ж. 231 0