Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бекбауыл ауылдық округі әкімінің аппараты көрсететін мемлекеттік қызметтер

Бекбауыл ауылдық округі әкімінің аппараты көрсететін мемлекеттік қызметтер

Бекбауыл ауылдық округі әкімінің аппараты – жергілікті басқару жүйесінің халыққа ең жақын буыны ретінде ауыл тұрғындарының күнделікті өміріндегі маңызды мәселелермен айналысып, мемлекеттік қызметтерді қолжетімді әрі сапалы түрде көрсетуге жауапты мекеме. Мемлекетіміздің басты ұстанымдарының бірі – әрбір азаматқа сапалы мемлекеттік қызмет ұсыну. Осы бағытта Бекбауыл ауылдық округі әкімінің аппараты бірқатар маңызды салалар бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетіп келеді. Атап айтқанда:
1. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;
2. «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскелерін беру»;
3.«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»; 
Ауылдық округ әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметтерге қол жетімділігін арттыру мақсатында әкім аппаратында өзіне-өзі қызмет көрсету кабинеті жұмыс істейді. Сіз қызметтерді көрсетілген кабинетке келу арқылы электронды түрде ғана емес, қызметтің өзін, алынған орны, құны, қызмет көрсету мерзімі және құжаттардың үлгілері туралы барлық қажетті ақпаратты ала аласыз. Соның ішінде, 
 «Соттылығының болуы/болмауы туралы», 
 «Психоневрологиялық»,
 «Туберкулезге қарсы», 
 «Наркологиялық диспансерлерден», 
 «Жылжымайтын мүлкінің болмауы/болуы туралы», 
 «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама», 
 «Зейнетақы аударымдары туралы анықтама», 
 «Мұрағаттық анықтамалар»
 «Тұрғын үйді алуға кезекке қою», 
 «Баланы балабақшаға кезекке қою»,
 «Жер учаскесін алуға кезекке тұру» және тағыда басқада анықтамаларды алуға болады.
 «Өтініштер бойынша» 
 «Некеге тұруға өтініш беру», 
 «Баланың туу туралы куәлігін алуға өтініш беру»,
 «Бала тууға байланысты берілетін бір реттік төлемге өтініш беру», 
 «Бір жасқа дейінгі балаға төленетін жәрдемақыға өтініш беру» жөнінде қызметтер көрсетіледі.
Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру және қолжетімділік мақсатында мемлекеттік мекеме ғимаратында көрнекі ақпараты бар стенд орналастырылған (қағидалар, көрсетілетін қызметтер тізімі). Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпараттар ауылдық округ әкімі аппаратының facebook парақшасында орналастырылған. 
Түйін:
Бекбауыл ауылдық округі әкімінің аппараты ауыл тұрғындары мен мемлекеттік басқару арасындағы алтын көпір. Мемлекеттік қызметтердің сапалы көрсетілуі  халықтың әл-ауқатын жақсартып, ауылдың дамуына оң ықпал етеді. Ал тұрғындардың белсенділігі мен кері байланысы әкімдік қызметінің тиімділігін арттырудың басты шарты. 
Нұртуған МАРАТҰЛЫ,
Бекбауыл ауылдық округі әкімі аппараты
 коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы


26 маусым 2025 ж. 62 0