Аптап ыстық: елдің бірнеше өңірінде ескерту жарияланды

Синоптиктердің болжамынша, бүгін ел аумағында найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл, қатты ыстық болады.
Астанада найзағай, бұршақ, шаңды дауыл күтіледі. Желдің екпіні 25 м/с-ке дейін жетеді. Күндіз 35°С ыстық болады.
Маңғыстау облысында түнде шаңды дауыл тұрып, күндіз 40°С-қа дейін ыстық. Бірқатар аймақта жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
БҚО-да тұман, күндіз найзағай мен бұршақ күтіледі.
Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.
Ақмола облысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ пен дауыл болады. Желдің екпіні 28 м/с-ке дейін жетуі мүмкін.
Қызылорда облысында шаңды дауыл соғып, ауа температурасы 44°С-қа дейін көтеріледі.
Ақтөбе, Қостанай, ШҚО, Абай, Ұлытау, СҚО, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар, Жетісу облыстарында да қолайсыз метеожағдайлар: найзағай, бұршақ, қатты жел мен аптап ыстық күтіледі. Бірқатар аймақта өрт қаупі өте жоғары.
Төтенше жағдайлардан сақ болу үшін тұрғындарға сақтық шараларын қатаң ұстану ұсынылады.
Фото: Нұрболат Нұржаубай