Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мүгедектік пен асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы мөлшері қанша?

Мүгедектік пен асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы мөлшері қанша?

2025 жылдың басынан бері республикалық бюджеттен мүгедектік пен асыраушысынан айырылу жағдайына мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар (МӘЖ) төлеуге 327,5 млрд теңге бағытталды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) еңбекке жарамсыздық пен асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдер ретінде 44,8 млрд теңге көлемінде қаржы төленді.

2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша:
• мүгедектікке байланысты МӘЖ алушылар саны – 541,7 мың адам,
• асыраушысынан айырылғандар – 198,3 мың адам.

Мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері:

• мүгедектік тобына,
• себебіне,
• және тиісті қаржы жылына бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты есептеледі.

Асыраушысынан айырылғандарға берілетін МӘЖ мөлшері:

• қаза болған асыраушының асырауындағы адамдар санына,
• өлім себебіне,
• күнкөріс деңгейіне байланысты белгіленеді.

МӘСҚ арқылы төленетін әлеуметтік төлемдер

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін әлеуметтік тәуекелдер орын алған жағдайда әлеуметтік төлемдер қарастырылған.

2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша:

• еңбекке жарамсыздық бойынша әлеуметтік төлем алғандар – 94,4 мың адам,
• асыраушысынан айырылу бойынша – 64,8 мың отбасы.

Бұл төлемдердің мөлшері әр азамат үшін жеке есептеледі және келесі факторларға байланысты:

• соңғы 2 жылдағы орташа айлық табыс (МӘСҚ-ға аударым жасалған),
• еңбекке жарамсыздық коэффициенті,
• асырауындағы адамдар саны,
• сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі,
• табысты алмастыру деңгейі.

Айта кету керек, бұл төлемдер республикалық бюджеттен берілетін жәрдемақылардан бөлек төленеді.

2025 жылғы МӘЖ мөлшерлері (мүгедектік бойынша):
• І топ – 101 702 теңге
• ІІ топ – 81 362 теңге
• ІІІ топ – 55 474 теңге

Орташа мөлшері:
• еңбекке жарамсыздық бойынша – 70 574 теңге
• асыраушысынан айырылу бойынша – 72 528 теңге.

Фото: Нұрболат Нұржаубай
16 шілде 2025 ж. 74 0