Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Найзағайдан қалай қорғану керек? ТЖМ кеңесі

Найзағайдан қалай қорғану керек? ТЖМ кеңесі

Төтенше жағдайлар министрлігі найзағайдан қалай қорғану керегін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Үйде болсаңыз терезелер мен есіктерді жауып, электр құралдарын өшіріңіз.

Көшеде жүрсеңіз:
үй-жайға кіріп кетіңіз;
    металл қалқалар мен ағаштың астында тұрмаңыз;
    көліктен шықпаңыз;
    мотоцикльден/велосипедтен түсіп кетіңіз;
    қолшатырды ашпаңыз;
    ұялы телефоныңызды сөмкеңізге салып қойыңыз;
    киімге металл аксессуарлар жабыстыруға болмайды.

Табиғатта жүрсеңіз:
биік ағаштардың астында жасырынбаңыз;
    ойпатта тығылып қалыңыз;
    су қоймаларына жақындамаңыз.

Фото:  Н. Нұржаубай
03 тамыз 2025 ж. 75 0