Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында медициналық мекемелер салынады

Қызылорда облысында медициналық мекемелер салынады

Президент тапсырмасына сәйкес, заңсыз шетелге шығарылған активтерді елге қайтару арқылы әлеуметтік жобалар қаржыландырылуда. Бұл жолы Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласына шамамен 7 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған қаражат Арал, Қазалы, Шиелі және Жаңақорған аудандарындағы орталық аудандық ауруханалар жанынан жаңа ғимараттар салуға бағытталған. Онда инсульт орталықтары, рентгенхирургия бөлімшелері және басқа да бейінді бөлімдер ашылып, магниттік-резонанстық томография (МРТ), компьютерлік томография (КТ) және ангиографиялық заманауи жабдықтар орнатылады.

Жобалар іске асқаннан кейін ауылдық жерлердегі 300 мыңнан астам тұрғын сапалы әрі мамандандырылған медициналық көмекке қол жеткізеді.

Медициналық нысандарды биыл пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Фото: baq.kz
06 тамыз 2025 ж. 124 0