Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тест: Сақинаны таңдап, қандай әйел екеніңізді біліңіз

Тест: Сақинаны таңдап, қандай әйел екеніңізді біліңіз

Әйел затының мінезі құбылмалы келеді. Ер адамдар жиі оларды түсінбейтіндеріне шағымданады. KAZ.NUR.KZ құрастырған қарапайым тест, қандай әйел екеніңізді айтып береді. Жай ғана сақина таңдаңыз.




1. Нағыз патшайымсыз!
Өзіңізді дұрыс бағалайсыз. Адамдармен адалсыз, өтірік айтпайсыз. Кейде тіпті адамның көңіліне қарамай шындық айтасыз. Алайда сіздің жарқын мінезіңіз үшін адамдар сізге өкпелемейді. Адалдық пен тік мінезіңізге бәрі тәнті болады.

2.Нәзік жансыз!
Армандауды жақсы көресіз. Армансыз өміріңізді елестете алмайсыз. Бойыңызда биязылық басым. Жасыңыз нешеде болса да, жаныңыз әрқашан да жас. Егер ер адамды шынымен ұнатсаңыз, оны өзіңізге қарату сізге қиынға соқпайды.

3.Арбаушысыз!
Тұла-бойыңыз толассыз энергияға толы. Кез келген адамды арбап аласыз. Көзіңізге қараған адам оның тұңғиығынан шыға алмай қалады. Барлық адамдар сізбен араласуға тырысады, алайда сіз бәрін жақындата бермейсіз. Сіз көпшіліктің қызғанышын тудырасыз.

4.Қамқоршысыз!
Сіз мейірімділігіңізбен емдейсіз. Көп адам сізге жан сырларын ақтарады. Сіз адамға демеу көрсетіп, кеңесіңізді беруге әрдайым әзірсіз. Көп адам сізбен сөйлескеннен кейін жеңілдегендерін мойындайды.

5. Махаббат үшін жаралғансыз!
Сіз әрдайым бір нәрсеге ғашықсыз. Бұл ер адамға ғана қатысты емес. Жұмысыңызға, қандай да бір затқа ғашық боласыз. Ғашықтық сіз үшін үйреншікті күй. Жайдары сыңғырлаған күлкіңіз еліктіреді. Әрбір сәтке қуана білесіз.

6. Мінсіз әйелсіз.
Сіздің талғамыңыз жақсы. Мінезіңіз байсалды, көңіліңіз жайдары. Өте сезімталсыз. Сізден бір нәрсе жасыру мүмкін емес. Сіз адал доссыз. Құпияларды сақтай білесіз.
www.qazbrand.info
20 сәуір 2019 ж. 1 385 0