Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Неліктен жеңілдікті санаттағы азаматқа «сақтандырылған» мәртебесі берілмеген?

Неліктен жеңілдікті санаттағы азаматқа «сақтандырылған» мәртебесі берілмеген?

Kyzylorda-news.kz Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты сұрақтарға жауап беруді жалғастырамыз. Жиі қойылатын сауалдарға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының бас сарапшысы Айгүл Аханова жауап берді.

Мен МӘМС жарналарын мемлекет төлейтін азаматтардың жеңілдетілген санатындамын, бірақ жүйеде мәртебе берілмеген. Неліктен?

Жеңілдік мәртебесі азаматтарды тиісті реестрлер мен базаларға енгізу негізінде беріледі. Мұның бәрі төлеушінің санатына байланысты. Мысалы, күндізгі бөлімде оқитын студенттерді Ұлттық білім беру базасына, ал жүкті әйелдер жүкті және фертильді жастағы әйелдер тізіліміне қосылуы керек. Егер пациенттің деректері тиісті базаларда болмаса және Қор мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен мәлімет алмаса, онда олар жеңілдік санатына кіре алмайды. Мұндай жағдайда студенттер өздерінің оқу орнының деканатына жүгінуі тиіс, ал әйелдер жүктілік бойынша есепке тұруы керек.

Қызым студент (Ресей Федерациясында күндізгі оқу түрі бойынша оқиды), бірақ тұрғылықты жері бойынша емханада тегін медициналық көмек ала алмайды. Неліктен?

Егер сіздің балаңыз Қазақстан Республикасынан тыс жерде оқитын болса, онда ол шетелде оқитын студент ретінде тіркелуі керек. Шетелдік жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесін алу үшін egov.kz порталында «Шетелде оқитын студенттерді тіркеу» тіркелу қажет.

Өтінішті толтыру, оқуды растайтын құжаттарды қоса беру және ЭЦҚ-ға қол қою керек. Әр семестрден кейін сақтандырудың мәртебесін тексеріп, қажет болған жағдайда оны жаңарту қажет.

Мен ай сайын МӘМС жарналарын төлеймін, остеопатия бойынша кеңес ала аламын ба?

Остеопаттың кенесі ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтер тізбесіне енгізілмеген.
Алайда, «Кеуде қуысының деформациясы» диагнозын емдеу МӘМС пакетінде қарастырылған.

Сіздің диагнозыңыз бойынша МӘМС жүйесі аясында физиотерапия, массаж, ортопедиялық травматологтың кеңесі және басқа да манипуляциялар сияқты бірқатар медициналық қызметтерді ала аласыз.

Фото: freepik.com
12 тамыз 2025 ж. 28 0