Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ерасыл бас жүлде иеленді

Ерасыл бас жүлде иеленді

Бурабай қаласында өткен «Ламия» халықаралық шығармашылық байқауында қаладағы «Достық үйі» жанындағы домбыра үйірмесінің жетекшісі Бақдәулет Менляков бастаған талантты жастар үздік өнер көрсетіп, жүлделі орындар иеленді. Нақтырақ айтсақ, Сыр елінен барған жеті домбырашы жұртшылықты өнерімен тәнті етті.

Өнерпаздар құрамындағы жас талант Ерасыл Кәрібай көрермен қошеметін иеленіп, бас жүлдені жеңіп алды.

– Өнер сайысы өте жақсы өтті. Өзге елдерден де талапкерлер қатысты. Мен негізінен, домбыраны мектеп қабырғасынан үйрене бастадым. Қазір «Достық үйі» жанындағы үйірмеге қатысамын. Алдағы уақытта осы үйірмеден қабілетімді шыңдап, өнер әлемінде өз жолымды таңдаймын, – дейді бас жүлде иегері Ерасыл Кәрібай.

«СБ» ақпарат

syrboyi.kz
15 тамыз 2025 ж. 75 0