Қызылордалық спортшы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында қола жүлде алды

81 келіге дейінгі салмақта Сәулебеков қоссайыста (154+190) 344 келі нәтижемен өнер көрсетті. Осы нәтиженің арқасында Ерасыл серпе көтеруде күміс, құрама сайыста қола медальді жеңіп алды.
Айта кетейік, қызылордалық спортшы 73 келі салмақта 17 жасқа дейінгілер арасында екі дүркін әлем чемпионы атанды.
Ақпарат көзі: kyzylorda-news.kz
Сурет: ашық дереккөз