Қызылорда облысының спортшысы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында жеңімпаз атанды

Ерасыл Сәулебеков 2006 жылы 26 қарашада Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде дүниеге келген.
Ерасыл Сәулебеков. Фото: Қызылорда облысының әкімдігі 2013 жылы № 121 қазақ орта мектебіне қабылданып, қазіргі таңда Түркістан қаласы "Жалын" колледжінің "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша 2 курс студенті; Ауыр атлетика спортындағы мансабын 6 жасында № 15 Қармақшы ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің ауыр атлетика бөлімшесінің жаттықтыруышысы Ералиев Айдар Қойшыбекұлының тобына қабылданған.
2020 жылдың 30 қыркүйегіндегі № 253 бұйрық негізіндегі ауыр атлетикадан "Қазақстан Республикасының спорт шебері" атағын иеленді. 2015 жылы кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасы чемпионатында І орын; 2016, 2017, 2018, 2019, 2020, жылдары жасөспірімдер арасындағы түрлі Қазақстан Республикасы чемпионатында І орынға ие болды.
2021 жылы 17 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасы чемпинаты І орын; 2022 жылы жастар арасында Қазақстан Республикасы чемпионатында І орын; 2022 жылы ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатында жүлделі І орын; Мексика мемлекеті Леон қаласында өткен 2005-2006 жылы туылған жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан Әлем чемпионатында 67 келі салмақ дәрежесінде І орын;
Албания мемлекеті Дюрес қаласында өткен 2006-2007 жылы туылған жасөспірімдер арасында Әлем чемпионатында 73 келі салмақ дәрежесінде І орын иеленді.
