Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жерлесіміз Рахат Бекболат ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды

Жерлесіміз Рахат Бекболат ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды

Рахат Бекболат ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды.

Рахат Бекболат 2004 жылы 14 қаңтарда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң жəне техникалық колледжінің студенті. Ауыр атлетикадан ҚР спорт шебері. Жастар арасында ҚР құрама команда мүшесі.
Айта кетейік, ол 2019 жылы Солтүстік Кореяның Пхеньян қаласында жəне Ташкентте өткен өткен Азия, Лас-Вегастағы әлем чемпионаттарында алтын медальдарды иеленген болатын.
Ол 16 жасында Əлем рекордын орнатып, Азияның «үздік спортшысы» номинациясының иегері атанған.
2020 жы­лы Перудің Лима қаласында жас­өс­пі­рімдер арасында өткен онлайн Әлем Кубогының жеңімпазы атанды және серпе көтеруде 102 келіге дейінгі салмақта әлем рекордын жаңартты. 

"Толқын" ақпарат
11 қазан 2021 ж. 1 028 0