Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАЗУЫҢЫЗҒА ҚАРАП, ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗДЫ ТЕКСЕРЕЙІК

ЖАЗУЫҢЫЗҒА ҚАРАП, ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗДЫ ТЕКСЕРЕЙІК

Атаулы тестті дәрігерлер мен графологтар бірлесе ойлап тапқан. Олардың айтуынша, адамның ауру-сырқатын оның жазуына қарап білуге болады. Тест арқылы өз денсаулығыңызды тексеріп көріңіз. Ол үшін А4 форматындағы параққа қарапайым қаламмен не қаламсаппен (бірақ гельді қаламсап, фломастер не маркер қолдануға болмайды) кез-келген 10 қатарлы мәтін жазып шығыңыз. Мәтінді аяқтаған соң, төмендегі кестені қолданып, өз жазуыңызға сараптама жасаңыз. 

Жазуыңыздың жалпы сипаты 
Сипаттама 
Ұпайлар 
Ұқыпсыздау 

Кей жері ұқыпты, кей жері ұқыпсыз 

Өте ұқыпты 
12 


Әріптердің басын қосу 
Сипаттама 
Ұпайлар 
Әріптер бір-бірімен жалғаспаған 
22 
Әріптер бірге жазылған,арасында ашық жер жоқ 
18 


Қағазға түскен қысым 
Сипаттама 
Ұпайлар 
Қатты, тіпті, қағаздың бетінде із қалған 
20 
Орташа 
14 
Әлсіз 



Қатарлардың бағыты 
Сипаттама 
Ұпайлар 
Төменге бағытталған 

Түп-түзу 
11 
Жоғарыға бағытталған 
15 


Әріптердің пішіні 
Сипаттама 
Ұпайлар 
Шығыңқы 
18 
Әр түрлі 

Дөңгелек 



Әріптердің «майысуы» 
Сипаттама 
Ұпайлар 
Түзу, «майыспаған» 

Оңға қарай 

Аздап оңға қарай 
13 
Аздап солға қарай 

Солға қарай қатты майысқан 



Әріптердің биіктігі 
Сипаттама 
Ұпайлар 
7 мм асады 
19 
5—6 мм 
16 
3—4 мм 

3 мм төмен 


Нәтижесі: 
48 ұпайдан төмен. Мұндай жазу үлгісі әдетте қарт адамдарда кездеседі. Сондай-ақ, иммунитеті төмен жас және орта жастағы адамдарда кездеседі. 
49–72 ұпай. Жүйке жүйеңізді жіті бақылауға алған жөн. Сіздің іш құрылысыңыз ауруыңыз мүмкін немесе аллергия не семіздікке бейімділігіңіз болуы мүмкін. Сізге көбірек қозғалып, тамақтану тәртібін түзеткеніңіз жөн. 
73–95 ұпай. Жүйке жүйеңіз қалпында. Алайда, тыныс алу жолдарыңызды суық пен басқа да қатерден сақтағаныңыз жөн. Оған қоса, эндокринологтың қабылдауынан өтсеңіз де артық болмас еді. 
96–105 ұпай. Сіздің басты қиындығыңыз – жоғарғы артериалық қысым. Онымен қоймай, диабет (сусамыр) пен артрит болуы ғажап емес. Мұның бәрі жақындарыңыз бен дәрігерлердің кеңесін құлаққа ілмегеніңіздің салдары болуы мүмкін. 
106 ұпайдан жоғары. Сіз өте сабырсыз, агрессияшыл адамсыз. Соның салдарынан сізде асқазан жарасы немесе жүрек ауруы болуы мүмкін. Жүйкеңізді жайына келтіру үшін ішімдік пен тынышталдыратын дәрілердің көмегіне жүгінесіз. Бірақ мәселе бұлай шешілмейді. Сізге өмірге деген көзқарасыңызды өзгерту керек.
http://reactor.inform.kz
22 сәуір 2019 ж. 875 0