Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ПАРА ПАЙДА ЕМЕС, ҚЫЛМЫС

ПАРА ПАЙДА ЕМЕС, ҚЫЛМЫС

Сыбайлас жемқорлық – мемлекет дамуына тежеу болатын ең қауіпті әлеуметтік құбылыстардың бірі. Ол тек экономикалық шығын келтіріп қана қоймай, халықтың билікке деген сенімін әлсіретеді, жастардың болашағына көлеңке түсіреді. Қазақстанда бұл құбылыспен күрес жүйелі түрде жүргізілуде. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң қабылданып, мемлекеттік қызметте ашықтық пен әділдікті қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар реформалар іске асырылып, бұл бағытта көптеген шаралар атқарылуда. Мемлекеттік қызметте жариялылықты қамтамасыз ете отырып, электронды үкіметті дамыту, халықпен кері байланысты нығайту арқылы жемқорлықты азайту жолында күш салуда.Заң бойынша пара алған да, пара берген де – қылмыскер. Соңғы жылдары елімізде ондаған шенеунік осы қылмысы үшін жауапқа тартылды. Бұл – жемқорлықтың түбі тұйық екенін, әділеттің түбінде жеңетінін көрсетеді. Дегенмен, заңдар мен жобалар қаншалықты тиімді болғанымен, сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты тетігі – әр азаматтың санасы мен ұстанымында. Әсіресе жас ұрпақ адал еңбек етуге, парасатты болуға үйренуі тиіс. «Біреудің ақысын жеу өз болашағыңа қиянат жасау» екенін түсіну қоғамымыздың басты қағидасына айналуы қажет.Қорыта айтқанда қоғам болып жемқорлыққа қарсы күрес жүргізгенде ғана еліміздің дамуы баянды, болашағы жарқын болмақ. Әрбір азамат әділдік пен адалдықты өмірлік ұстаным еткенде ғана Қазақстан өркениетті елдердің қатарына сенімді түрде қадам басады. Ендеше, жемқорлыққа бірге қарсы тұрайық. Өйткені адалдық ардың ісі, әділдік елдің тұғыры екенін ұмытпағанымыз жөн.
Т. ӘЛЖАНОВ,
Арал ауданының дене тәрбиесі,
спорт және туризм бөлімінің басшысы
04 қыркүйек 2025 ж. 139 0