БІЛІМГЕ ЖЕТЕЛЕГЕН ЖАРҚЫН ЖОЛ

ХІХ-ХХ ғасырларда үстем дін ислам болды, мектептерде білім алу мұсылмандық сипатта болды. Қазақ балаларына арналған мектеп болған жоқ. Көбінесе байдың балалалары медреселерде оқып білім алды. Білім алу екі жолмен жүргізілді: діни - мұсылман және орыс мектептері.
Өлкеде 1905 жылы Орынбор – Ташкент темір жолының салынуы Арал қыстағында балық өнеркәсібінің дамуына алып келіп, жұмысшыларға арналған үйлер бой түзей бастады. Қоныс аударушылар мен жергілікті тұрғындар санының едәуір өсуі, бұл жергілікті тұрғындардың орыс тілін меңгеруге деген ұмтылысының артуымен алып келді. Әдепкіде, жергілікті тұрғындар арасында орыс тілін үйренгісі келетін ересектер үшін кешкі курстар ұйымдастырылды.
1914 жылы Ташкент қаласынан басылып шыққан «Сырдария облысына шолу» (1886-1816ж.ж) кітабының 1908, 1909 жылдарға арналған кітаптарында Арал болыстығында мектептердің болғаны туралы айтылмайды. Осы кітаптардың 1910 жылғы шолуының 192 бетінде Қазалы уезінде 1910 жылы 3 кластық қалалық учелищеде 100 бала; 1 кластық ер балаларға арналған екі учелищесінде 79 бала; 2 кластық қыздар учелищесінде 47 оқушы; орыс-түзем мектебінде 36 оқушы; татар, еврей балаларына арналған жеке меншік бастауыш учелищесінде 10 бала оқыған. Барлығы 7 мектепте 120 оқушы оқығандығын көрсетеді. Осы кітапта уезде Арал приход мектебінің болғандығы жазылады.
Уездің ауылдарында (орыс оқу орындары) түземдік сарттар ұл-қыздарына арналған приход 2 мектебінде 45 оқушы, барлығы 3 мектепте 80 оқушы. 44 қыз бала оқыған. 1909 жылы Қазалы уезінде 191 оқушысы бар үш мектеп болған. Деректер бойынша Қазалы және Арал өңіріндегі орыс-қазақ жергілікті ұлт өкілдеріне арналған мектептердің саны баяу болса да өскен.
Осы кітаптың 1914 жылға арналған басылымында Арал приход мектебінде 53 оқушы,Бөген діни-приход мектебінде 32 оқушы білім алғаны туралы жазылған.
Арал қыстағындағы алғашқы мектеп 1910 жылғы оқу жылында ашылған приход мектебі орыс-қазақ балаларына арналған. Мұнда Аралға қоныс аударушылардың балалары мен осы маңда балық кәсіпшілігінде жұмыс істеген жергілікті қазақ балаларын да тарта бастады. Мектеп бір сыныптық болып ашылып, алғашқыда балалар төрт жыл оқыды. Мектепте мұғалімдер жетіспеушілігі орын алған. Олар онда орыс тілін, дін оқуын, қазақ тілін, арифметиканы, ән сабағын оқып үйренді. Кейін қазақ балалары үшін «орыс сауаттылығының қарапайым, арзан мектептері» ұйымдастырылды.
Аудандағы алғаш 1910 жылы ашылған №14 Н.К.Крупская атындағы мектеп-лицейдің тарихы осылай басталған. Осы кітаптарда көрсетілгендей 1914 жылы Бөгенде діни-приход мектебі ашылғаны туралы халыққа білім беру туралы есебінде кездестіреміз.
Жұмысшы және солдат депутаттарының Қазалы Кеңесі өз өмірін сүре бастаған алғашқы күндерден-ақ жергілікті тілде мектептер ашу ісіндереу қолға алды. 1917 жылы қарашада жұмысшы және солдат депутаттарының Қазалы Кеңесінің шешімі бойынша сол кездегі балық кәсіпшілігінің орталығы Қамбашта 4 сыныптық орыс-қазақ аралас мектебі ашылды. Сондай-ақ Мойнақ, Үргенді, Арал және Қармақшыда орыс-қазақ мектептері жұмыс істей бастады. Осы жылы уездегі әйелдер мен еркектерге арналған приходтық мектептер жабылды. Осы жылы орыс-түземдік 4 сыныптық орыс учелищелері 6 сыныптық кеңес мектептері болып өзгертілді.
Қазан революциясынан кейін В.И.Ленин 1919 жылы 26 желтоқсанда қол қойған «РКФСРхалықтары арасында сауатсыздықты жою туралы»декреті осы шараға мемлекеттік сипат берді. 1920жылдан жергілікті халық ағарту бөлімдерініңжанынан сауатсыздықты жою жөніндегі төтеншекомиссиялар құрыла бастады, олар хат танымайтындардың есебін алуды ұйымдастыру,педагог кадрларды даярлау, мектептер мен курстар ұйымдастыру, оқу құралдарын шығарудыұйымдастырумен айналысты. Жаңа өкіметтікбиліктің осындай күш салуына қарамастан білімберу саласы қаржы және материалдық ресурстарғааса зәру болды.
Қырревкомның халық ағарту бөлімі 1920 жылы өлкедегі сауатсыздықты жою туралы нұсқауәзірледі. Көп ұзамай сауатсыздықпен күресужөніндегі комиссиялар құрылды. 1917 жылы халық көбірек тұратын Қамыстыбаста, Сексеуілде, 1919 жылы Бөген елді мекендерінде алғашқы мектептер ашылып, жұмыс істей бастады. Арал теңізістанциясында кедей мен батырақ балалары үшінжүз орындық интернат ашылып, олардың білім нәрімен сусындауына мүмкіндік жасалды.
1924 жылы «Сауатсыздық жойылсын» ұраныбелең алып, молдалардан білім алу ісіне тыйымсалына бастады. Сауатсыздықты жою мен білім беру ісінің негізгі ошағы «қызыл отау» болды. Олда шамамен оқу үйі атқаратын міндеттердіорындады. Мектепте білім беру мәселесінжетілдіру көпшілік мектептерде қажеттіматериалдық-техникалық базаның болмауынан,сондай-ақ мұғалім кадрлардың жетіспеуінен детежеліп отырды. Мектеп үйлері мешіттер менбайлардың үйлеріндегі жер кепелердеорналастырылды. Ауыр жағдайда жаңадан білімберу ісіне көңіл бөлініп, мектеп құрылыстарынжүргізу қолға алына бастады. Мектепті құрал-жабдықтармен жабдықтау қанағаттанарлықдәрежеде болған жоқ. Мектеп оқулықтары мен оқуқұралдарымен қамтамасыз ету Қазақ АКСР-і үкіметінің 1930 жылы 27 тамызда қабылдаған Декретіне сәйкес жұртшылықты жалпыға бірдей міндетті оқуға тарту міндеті қойылды.
І сатылы мектептерде алғашқы үш жыл оқу бағдарламасына сәйкес күнделікті сабақ 4 сағаттан аспауы тиіс болса, қалған екі жылда 5-6 сағатқа дейін оқыту жүйесі іске асырылды.
Мәселен, 1929-1930 жылдары Арал ауданында мәдени-ағарту мекемелері 24 болса, 1931-1932 оқу жылында олардың саны 74- ке (оның ішінде мәдени-ағарту мекемелері мен саяси білімін жетілдіру) жетті. 1929-1930 жылы ІІ сатылы мектептер қалада - 3, ауылдарда І сатылы - 19 мектеп, қалада 2-і балабақша болды.
1931-1932 оқу жылында ІІ сатылы мектептер қалада - 3, ауылдарда - 1, қалада - 1 интернат, қалада - 2 балабақша болды. Ауылда І сатылы - 56 мектеп болды.
1930-1931 жылы аудандық білім бөлімінде 3 инспектор болса, 1931-1932 оқу жылында 5 инспектор жұмыс істеді.
1930-1931 жылы ауданда 128 мұғалім болса,1931-1932 жылы 139 мұғалім болды. Мұғалімдердің көпшілігінің білім деңгейі төмен, тәжірибелері болған жоқ. Осы жылдары мұғалімдердің білімін жетілдіру мақсатында Арал қаласынан педтехникум ашып, жылына 80 маман даярлау ісін жолға қою ісі жоспарланды.
Оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз ету төмен дәрежеде болды. Кітаптар мен дәптерлер жетіспеді. Мектеп үйлері болмады, ауылдық жерлерде медреселер мен мешіттерде оқытылды. Қалада орыс мектебі мен жол бойы балаларына арналған мектептер жұмыс істеді.
1929-1930 оқу жылында ауданда 1505 оқушы оқыды. 1931-1932 оқу жылында 5794 оқушы білім алды. Оның 3798-і ер бала, 2096-ы қыз бала болған. Олардың 4572-і қазақ, 856-ы басқа ұлт өкілдері.
30 жылдары ауданда сауатсыздықты жою үшін 10 мың адамды 59 білім ұясында қысқа мерзімде оқытып шыққан.
Арал ауданындағы 30 жылдардағы оқу-ағарту ісінің 20 жылдармен салыстырғанда ілгерілеу байқалады. 1930 жылдары жаппай сауатсыздықты жою шараларының жүргізілуіне байланысты жергілікті кеңестер тарапынан бұл шараны іске асыру мақсатында аудан көлемінде бастауыш, орталау, жетіжылдық, орта мектептер ашылып, халықтың арасындағы сауатсыздық, шала сауаттылықпен күрес жүргізілді. Кешкі мектептер, сауат ашу орындары, оқу үйлері, қызыл отау, қызыл бұрыштар жұмыс істеді. Әрине, ол кезде барлық білім беру мекемелері талапқа сай болмады. Өйткені қаржының бір қалыпты бөлінбеуі, мұғалімдердің жетіспеуі, оқу-құрал жабдықтарының жеткілікті деңгейде болмауы сияқты кемшіліктер кездесіп отырды. Міне, аудандағы халыққа білім беру ісінің 30 жылдардағы дамуы осылай жүргізілген болатын.
Бір ғасырға жуық ішінде білім саласында да көптеген өзгерістер, реформалар жүргізіліп келеді. Кеңестік идеология артта қалып Тәуелсіз Қазақстанның білім саласында жүргізіліп жатқан өзгерістер 1991 жылдан бастау алып, білім беру саласындағы мемлекеттік саясат білім беру жүйесін сапалық жағынан жақсарту мақсатын қойды. Осы аралықта білім беруді басқару мен қаржыландырудың құқықтық-заңнамалық базасы қалыптасты.
Болатбек ҚУАТОВ,
ҚР Журналистер одағының мүшесі