Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ДЕПУТАТТАР СПОРТ ҒИМАРАТТАРЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІН ЗЕРДЕЛЕДІ

ДЕПУТАТТАР СПОРТ ҒИМАРАТТАРЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІН ЗЕРДЕЛЕДІ

Қызылорда облыстық мәслихат депутаттарытұрақты комиссия аясында ауданға келіп, спорт саласының қазіргі жағдайымен танысты.Қызылорда облыстық «Ауыл» партиясының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Мұстафа Шоңмұрынұлы Садықтың өтініші негізінде ауданда орналасқан стадион мен дене шынықтыру орталығының апаттық жағдайына байланысты мәселені шешу үшін облыстық мәслихат депутаттары, экономика, әлеуметтік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрайымы Балжан Шәменова және облыстық экономика және қаржы басқармасы басшысының орынбасары Фарида Аббазова нысандарды аралап шықты.
Сапар барысында Сапақ ауылындағы апаттық жағдайда тұрған білім беру мекемесін, сондай-ақ аудан орталығы – Арал қаласындағы стадион мен дене шынықтыру-сауықтыру орталығының ахуалын көріп, оларды шешу жолдарын қарастырды. Анықталған түйткілді мәселелербойынша нақты ұсыныстар әзірленіп, алдағыуақытта атқарылатын жұмыстардың бағыттарыайқындалды.

Э.АЛТЫНБЕКҚЫЗЫ,
Арал ауданының дене тәрбиесі, 
спорт және туризм бөлімінің әдіскері
14 қыркүйек 2025 ж. 29 0