Партиялық бақылау бекеті орнатылды

Қазіргі таңда мектептің екі корпусының шатыры жабылып, спорт залының шатырын орнату жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар терезелер толық қойылып, сыртқы қаптау жұмыстары жалғасып жатыр. Ішкі әрлеу жұмыстары да қатар атқарылуда. Жылу жүйесі тартылып, батареялар орнатылып жатыр.
Жалпы жоба құны 2 млрд 400 млн теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстарын «Бақ-береке-2030» ЖШС қолға алған. Партиялық бақылау бекетінің мақсаты – нысан құрылысын сапалы әрі уақытылы аяқтауды қамтамасыз ету.
“Ауыл тұрғындары үшін жаңа мектеп – үлкен қуаныш. Балалардың заманауи білім ошағында оқуына жағдай жасау – басты міндет. Сондықтан партия тарапынан бұл жұмыс ұдайы қадағаланатын болады,” – дейді партия өкілдері.