Жүргізуші куәлігін алу емтиханы – жауапкершілікті талап ететін маңызды кезең

Алайда тәжірибелік емтихан көптеген үміткерлер үшін ең күрделі кезеңдердің бірі болып отыр. Көп жағдайда емтихан тек қана сәтсіз нәтижемен шектелмей, автокөліктің зақымдануына, жол белгілерінің құлатылуына немесе қауіпті жағдайлардың туындауына әкеліп жатады. Жыл басынан бері Қызылорда облысы бойынша мамандандырылған ХҚКО 4 жағдай орын алған. Мұндай жайттар емтиханның маңызын айқын көрсетеді: автодромда жіберілген қателіктер шынайы өмірде адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін.
Мамандардын пікірінше, тәжірибелік емтихан – тек жүргізушінің жеке сынағы ғана емес, қоғам қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін маңызды қадам. Сондықтан бұл кезеңге жеңіл-желпі қарамай, әрбір үміткер жауапкершілікпен дайындалуы тиіс.