Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК: ПАНДУСТАРҒА МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК: ПАНДУСТАРҒА МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

“АMANAT” партиясының “Кедергісіз келешек” партиялық жобасы аясында аудан көлеміндегі бірқатар әлеуметтік нысандарға мониторинг жүргізілді. Іс-шараның басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі азаматтардың еркін жүріп-тұруына жағдай жасау, инфрақұрылымдық қолжетімділікті арттыру және кедергісіз орта қалыптастыру болып табылады.

Мониторингтік топ мүшелері пандустардың стандартқа сәйкестігін тексеріп, арнайы құрылғылардың жарамдылығына назар аударды. Сонымен қатар, нысан басшыларына қолжетімді орта қалыптастыру бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
#“АMANAT”
08 қазан 2025 ж. 201 0