Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтардың қазан айында жұмыс аптасы қысқа болады

Қазақстандықтардың қазан айында жұмыс аптасы қысқа болады

2025 жылдың қазан айында қазақстандықтарды Республика күніне орай қосымша демалыс күтіп тұр. Бұл мереке елдің басты мерекелерінің бірі болып саналады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Республика күні – Қазақстандағы жалғыз ұлттық мереке. Ол 1990 жылы Мемлекеттік егемендік туралы Декларация қабылданғаннан кейін пайда болды.

2022 жылдан бастап Республика күні ресми демалыс күні болып белгіленді.

Биыл 25 қазан сенбі күніне түсіп отыр. Сондықтан "Мерекелер туралы" заңға сәйкес демалыс күні дүйсенбіге, яғни 27 қазанға ауыстырылады.

Осылайша, қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады:

25 қазан (сенбі) — мереке күні;
26 қазан (жексенбі) — стандартты демалыс;
27 қазан (дүйсенбі) — демалыс күні ауыстырылған күн.
Бес күндік жұмыс аптасында қазан айында барлығы 9 демалыс күні және 22 жұмыс күні болады.

Алты күндік жұмыс аптасы

Алты күн жұмыс істейтіндер үшін кесте сәл өзгеше болады:

25 қазан (сенбі) — мерекелік демалыс;
26 қазан (жексенбі) — стандартты демалыс;
27 қазан (дүйсенбі) — жұмыс күні.
Осылайша, 2025 жылдың қазан айында 5 демалыс күні және 26 жұмыс күні болады.

Республика күнін қалай аталып өтеді?

Елдің әр өңірінде салтанатты концерттер, көрмелер, фестивальдер мен флешмобтар ұйымдастырылады. Мектептер мен жоғары оқу орындарында ашық сабақтар мен тақырыптық кездесулер өткізіледі. Алаңдарда мәдени бағдарламалар ұсынылып, кешке қарай қалаларда мерекелік шамдар жанады.

Фото: baq.kz
14 қазан 2025 ж. 73 0