Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру әр азаматтың парызы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру әр азаматтың парызы

Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады.Сыбайлас жемқорлық – айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дерт. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет дегеніміз- бұл адамның саналы түрде және адамгершлік қасиетімен сыбайлас жемқорлыққа қарыс тұру, пара сұрамау, пара бермеу, мемлекеттің мүлкіне қол сұқпауы. Сондықтан бұл індетті жою бәріміздің міндетіміз. Жемқорлық қоғамға ғана залалын тигізіп қоймайды. Адамның өмірін құрдымға жіберетін кесапат. Өркениетті дамытқысы келетін, ортасын құрметтейтін әр азамат мемлекеттің ішіндегі, тәртіпті белгілі бір жүйеге келтіруге, ел ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүдделі. Ол әр азаматтың басты парызы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жұрт болып жұмыла қарсы тұру, оны насихаттау ісі де ұшан – теңіз септігін тигізеді.
Қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген халықтың ұрпағы бүгінгідей өз алдына ел болып, еңсесі биік дамыған мемлекеттердің қатарына жетуді көздеп отырған шақта сол адами қалып – парасат биігінен көрінуге тиіспіз.
Сыбайлас жемқорлықпен күресті әрбір адам өзінен бастауы тиіс. Ол қандай қызмет саласында отырса да, «Мен еліме не беремін, осы қоғамның, мемлекеттің дамуы үшін қандац үлес қосамын», - дейтін болса, өз жұмысына, айналасына әділ қарап, таза жұмыс істегенде ғана осы кеселді толық жеңе аламыз..Тек адалдық,әділдік және жауапкершілік қағидаларын ұстану арқылы біз сыбайлас жемқорлықсыз жарқын болашақ құра аламыз.

Темірхан Қуандықұлы,
Бекбауыл ауылдық округі әкімінің аппараты
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
бас маманы
15 қазан 2025 ж. 50 0