№60 МЕКЕМЕДЕ ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕРГЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТЕРАПИЯ ӨТІЛДІ

Қазіргі заманда адамның психологиялық жағдайына көңіл бөлу аса маңызды. Күйзелістен арылудың түрлі жолдары бар, солардың бірі – құмға сурет салу терапиясы. Бұл әдістер адамның ішкі әлемін тыныштандырып, эмоцияларын бейнелеу арқылы жеңілдетуге бағыталған. Құм терапиясы – арнайы жәшікке салынған ұсақ құммен әртүрлі бейнелер жасау тәсілі. Адам құммен бейнелеу арқылы өз сезімін, қорқынышын немесе армандарын бейсаналы түрде сыртқа шығарады. Құмның табиғи қасиеті де осы ішкі тепе-теңдікті орнату. Адамның бар ойы саусақ қиылдарымен құм бетінде суреттеледі.

Ал дәл осы терапия сотталғандарға психологиялық көмеке беруде үлкен улес қосады. Олардың ішкі жан дүниесін сауықтыру арқылы, психологиялық тұрақтылықты нығайтады. Құм бетіне түскен пішіндер мен бейнелер олардың жай күйінен хабар береді. Осы тұста психологтар жазасын өтеушілерге эмоцианалдық тұрғыда баға беріп, түрлі әдістерді жоспарға еңгізеді. Осындай қарапайым, бірақ әсерлі тәсіл арқылы әрбір сотталған азамат ішкі әлемімен үндесуді үйренді.
Рәпіш ТӨЛЕП
ҚАЖД №60 мекеменің баспасөз қызметі