«Құм терапиясы» сотталғандарды күйзелістен арылуға көмектеседі

Сотталғандар бұл терапияны қолдана отырып, өз ойларынша түрлі суреттер салып, танымдық ойындар өткізу арқылы ашық пікірталас ұйымдастыра алады.
Психологтардың айтуынша, аталған терапия арқылы адамның шығармашылық, танымдық, интеллектуалдық карым-қатынас құзіреттілігі дамиды. Олар қиындықты бір сәтте естен шығарып, өмірге жаңаша оң көзқараспен қарап, ойша жағымды жағдайларды ойлап жүреді. Мұндай терапиялық тренингтер сотты болғандардың ой-санасын өзгертіп, оң мінезді қалыптасуына әсері мол.
Мекеме психологтары басты міндеті сотталғандарға психологиялық-моральдық депрессиялық күйзелістерден арылуға мүмкіндік беруге ықпал ету.